USD
USD
USD

«Қоқыс қала». Фоторепортаж

Қоқыс – ғаламдық экологияға әсер етіп отырған басты екі мәселенің бірі. Бір ғана Қазақстанның өзінде 3,5 мыңнан аса қоқыс полигоны мен 8 мың заңсыз қоқыс алаңы бар. Олардың бәрі санитарлық, арнайы талапқа сай деп айта алмаймыз. Әсіресе, ірі мегаполистегі ахуал өте нашар. 

«Қоқыс қала». Фоторепортаж
Фото: NEGE.kz

Кеше ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Алматы облысындағы бірнеше полигонға арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері қалдық жиналып жатқан алаңдарды көзбен көріп, министрлік және атқарушы билік қызметкерлерінен көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Ел аумағындағы полигондардың басым бөлігі пайдалануға жарамсыз. Тіпті, қарапайым талаптардың өзіне сәйкес емес. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов бұл мәселе шетелдік технология мен тәжірибелерді қолданғанда ғана шешімін табатынын айтады. Одан бөлек, қоғамдық сананы қалыптастыру қоқыс мәселесінен төнетін қауіпті бәсеңдететінін баяндады.

«3,5 мыңнан аса қоқыс полигонының 18%-ы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Бұған 8 мыңнан аса заңсыз қоқыс алаңын қосыңыз. Мысалы, жыл сайын шығарылатын қоқыс елорда маңындағы Қосшы ауылының ауданына тең. Қазақстандағы қоқыс полигоны 32 мың гектар жерді алып жатыр. Оның ауданы 4 Ақтау қаласы, 2 Тараз қаласының ауданына тең», – деді вице-министр.

Журналистер бір күн бойы Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарындағы Түрген, Көксай, Ават ауылдарының маңында жиналған қоқыс полигондарын аралап, мән-жайды бақылады. 

Шараның негізгі мақсаты – қазақстандықтардың қоқыс қалдықтарына бей-жай қарамауына назар аудартумен қатар, болашақта салынатын қоқыс өңдеу зауыты жайында құлағдар ету. Қазақстанда қоқысты өңдеуден көрі өртеу, энергияға айналдыруға қарағанда, сай-салаға лақтырып тастау көп екенін байқалады. 

Аталған үш полигонда негізінен құрылыс қалдықтары жиналған. Жеке кәсіпкерлер қарамағындағы полигондар бір жағы табыс көзіне айналып отыр. Жергілікті тұрғындар қоқыстарды түріне, материалына қарай бөліп, арнайы қапқа салып дайындап қояды. 

Өткен жылы өрт болған Қарасай ауданы аумағындағы Көксай полигонына адамдар әлі де қоқыс алып келіп жатыр. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ескендір Егеубекұлы қоқыс мәселесін шешу үшін Қарасай ауданында арнайы қоқыс жинайтын аппараттар қойылғанын айтады. Олар тұрғындардан қоқыс қабылдап, сәйкесінше, ақша төлейді екен. 

Ашық алаңдарда жатқан қоқыс экология мен қоршаған ортаға қаншалықты зиян екенін айтпаса да белгілі. Министрлік жағдайды жақсарту үшін тынбай еңбек ететінін айтады. 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті