USD
USD
USD

Қоқыс алаңшаларына арнайы нұсқаулықтар қойылып жатыр

Әл-Фараби ауданының тұрғындары енді тазалық мекемелеріне тікелей шағымдана алады.

Қоқыс алаңшаларына арнайы нұсқаулықтар қойылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ол үшін қоқыс алаңшаларының алдына ескертпе белгілері жазылған арнайы нұсқаулықтар ілінді. 

Нұсқаулық тақтайшаларына аумаққа бекітілген қоқыс шығарумен айналысатын мердігер мекеменің атауы, байланыс нөмірлері және қоқыс шығару жиілігі жазылған. Қоқыс уақтылы жиналмаған жағдайда тұрғындар жауапты мекеменің диспетчеріне тікелей ұсыныс-пікірі мен шағымын қалдыра алады. 

Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшалары және  749  қоқыс контейнері бар болса, соның 60 пайызына нұсқаулықтар орнатылды. Қазан айының соңына дейін барлық қоқыс алаңшалары  қамтылатын болады. 

Еске сала өтейік, қоқыс жәшіктеріне құрылыс заттарын тастағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек