USD
USD
USD

«Қоқыс полигонын тексергеннен кейін ұсталды» – Прокуратура Іле ауданы әкімінің қамалуына қатысты пікір білдірді

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, шенеунік Іле ауданындағы қоқыс полигонын тексергеннен кейін ұсталған.

Бағдат Қарасаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оған «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және мемлекеттік мүддеге зиян келтірген» деген айып тағылды.

«Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылдың 3 қыркүйегінде әкім Қарасаев ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. 2024 жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура қылмыстық іс материалдарын қарау және бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберді», - деп түсіндірді қадағалау органы.

Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарып келеді. 

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды

Ақтөбеде менеджер басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхатпен пәтерлерді қайта сатқан

көпқабатты тұрғын үй