USD
USD
USD

Көк базарда қып-қызыл індет

Алматы қаласының тауарлар мен қызмет көрсету сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базарды жабу туралы шешім шығарды. Қазір базар аумағында профилактикалық зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған.

Көк базарда қып-қызыл індет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.

Құзырлы орындар Көк базар әкімшілігінде істеген әйелдің коронавирус індетінен көз жұмғанына байланысты тексеру жүргізген. Тексеру кезінде базар әкімшілігінің қызметкерлерінің ішінен тағы 19 адамның ауру жұқтырғаны анықталған. Базардағы сатушылар арасынан әзірге ауырған адам жоқ деген ақпар бар.    

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы мониторинг тобы Көк базарды тексеру кезінде көптеген ереже бұзуды анықтағанын хабарлады. Мәселен базарға кіреберісте қашықтан адамның дене қызуын өлшейтін құрылғылар қойылмаған, әлеуметтік қауіпсіз қашықтық сақталмайды, қорғаныш заттарын пайдалану мен қолданылған заттарды жою ережелері өрескел бұзылған.

Осыған байланысты Медеу ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұйрығымен 13 маусымнан бастап Көк базарға иелік ететін «Достар-Коммерц» компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды. Барлық іс әкімшілік сотқа жолданған.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту