USD
USD
USD

Көгершіндер көрмесі өтті

Атырауда көгершіндер көрмесі өтті. Оған Атырау, Ақтөбе мен Қызылорда облысынан 150-ден астам көгершін асыраушылар жиналды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Көгершіндер көрмесі өтті
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Облыстық көгершін өсірушілер федерациясы ұйымдастырған көрме «Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Көгершін өсіруді хоббиі санайтынның бірі – Талап Жарылғасынов.
 
Құрсай елді мекенінде тұратын 56 жастағы азамат көгершін өсіруді оқушы кезінда бастаған.
 
«Әлі күнге дейін өсіремін, сенесіз бе? Бұдан ешқандай пайда таппаймын. Жан рахаты өсіремін. Қазір менің 50-ден астам көгершінім бар. Бұл көрмеге ұлдарымды ерте келдім. Болашақта олардың көгершін өсірумен айналысқанын қалаймын. Көрмеге неміс, чех көгершіндерін әкелдік. Менің көгершіндерім 2019 жылы осындай көрмеде бірінші орын алған еді» -дейді Талап Жарылғасынов.
 
Атыраулықтар көрмеге әкелінген түрлі-түсті көгершіндермен суретке түсуге мүмкіндік алды. Солардың қатарында Алексей Хандокин де бар.
 
«Менің жасым – 73-те. Көгершін өсірушілер әулетінен шыққанмын. Өзім де көгершін өсіремін. Көгершіндерімді серуенге алып шығып, әуеде билегенін қызықтап отырамын. Бірақ, бұл көрмеге құстарымды әкелмедім. Көрмеге көгершіндерді көру үшін келдім» -дейді А.Хандокин.
 
Облыстық көгершін өсірушілер федерациясының президенті Жәнібек Қалекеновтің өзі 60-қа жуық көгершін өсіреді екен. Оның айтуынша, көрмеге 150-ден астам адам көгершін әкелген.
 
«Біз Қазақстан мен Ресейдің көгершін өсірушілері үшін көрме өткізілетінін хабарлаған едік. Біздің көрмеге Ақтөбе мен Қызылорда облысының Қазалы ауданынан көгершін өсірушілер қатысып отыр. Бірақ, ресейліктер келе алмады. Оған коронавирус инфекциясының өршуі әсер етіп отыр. Енді алдағы наурыз айында тағы бір көрме өткіземіз деп үміттенеміз» – дейді Жәнібек Қалекенов.
 
Оның айтуынша, Атырауда көгершін өсірушілер саны артып келеді.
 
«Біздің ізбасарларымыз бар» - деп күледі Ж.Қалекенов. Көрменің соңында спорттық көгершіндер жарысы өтті. Оның қорытындысымен көгершін өсірушілер естелік сыйлықтармен марапатталды

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов