USD
USD
USD

Қоғамдық көліктердің қозғалысы туралы хабарлайтын Telegram канал ашылды

18 наурыздан бастап Telegram мессенджерінде жаңа канал іске қосылады. Ол қоғамдық көліктің қолданыстағы сызбаларының өзгерістері немесе жаңа бағыттардың пайда болғандығы туралы шұғыл хабарлап отырады.

Қоғамдық көліктердің қозғалысы туралы хабарлайтын Telegram канал ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оны қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматы қаласының Көлік холдингі құрды.

Кей ретте жолаушылардың басым бөлігі бұрынғы бағыттардың өзгергенін білмей қалатыны жасырын емес.

Алматы қаласының Мобилділік басқармасының мәліметінше, адамдардың басым көпшілігіне ақпарат тарату үшін «онлайн-алаң» құру туралы шешім қабылданды. Оның көмегімен желіні пайдаланушылар расталған деректерді алады. Яғни уәкілетті органда бекітілген соң бірден көпшілікке тарайды.

Жаңа Telegram-каналдағы ақпараттар қысқа болғанымен, бағыттардағы өзгерістер кез-келген қолданушыға түсінікті. Жаңа желіге қосылу оңай. Ол үшін https://t.me/THA_Info жүгіну қажет.

Жаңалықтарды дер кезінде біліп отыру үшін хабардар ету дыбысын алмаған жөн.

Қазір оқып жатыр

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

Казақмыс

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы атанды

Ерлан Қошанов

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды

Ерлан Қошанов

Қазақстандағы шипажайлардың өзі емге мұқтаж – депутат

Екатерина Смолякова