Қоғамдық көліктерді дезинфекциялау басталады
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Керекті жабдықтар өндірушілер арқылы шешіліп жатыр. Алматы әкімшілігі Avrora Holding компаниясымен келісімге қол жеткізіп, антисептикалық құралдарды жеткізеді. Сондай-ақ, әкімдік ірі 20 дәріхана желісімен кездесіп, алғашқы кезде керек дәрі-дәрмектің бағасын көтермеуге уағдаласқан.
«Әуелгіде дезинфекциялау құралдары жеткіліксіз еді. Қазір керекті жабдықтарды өндірушілер арқылы шешіп жатырмыз. Сондай-ақ, дезинфекциялау кезінде ультракүлгін сақтау құралдары да қойылады. Автопарктер қоғамдық көліктерге бүгіннен бастап дезинфекция жүргізеді. Егер бұл талапты орындамаса, жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Қазір оқып жатыр
Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті
700 метр тереңдіктегі кездесу: «Әділет» партиясының өкілдер шахтерлармен не талқылады?
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті
Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин