2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім

Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

деді.

Алматы, NEGE. Бүгінде көптеген саланың қызметі қалпына келе бастағанына тоқталған Президент: «Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды», - деді. Осы орайда Мемлекет басшысы күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін атап өтті. «Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек». – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі