USD
USD
USD

Қоғамдық көлікте маска режимін бұзғандарға айыппұл салынды

Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 41 адамға айыппұл салынды.

Қоғамдық көлікте маска режимін бұзғандарға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматыда қоғамдық көліктерде үшінші апта маска режимінің сақталуы тексеріліп жатыр. Мониторинг топтары бақылауды күшейтті. Сонымен қатар, ықтимал жұқтыру орындарының арасында СОСО мен базарлар да бар», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

12 және 13 тамыз күні мониторинг тобы 163 автобусты тексерді. Қаланың қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамағаны үшін 41 жолаушыға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салайық, Алматы «қызыл» аймақта. 15 тамыз күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын 1 503 адам жұқтырды. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 419, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот