USD
USD
USD

Қоғамдық көлік мәселесі сот талқылауына түсті

Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесіне орай сот талқылауы өтіп жатыр.

Қоғамдық көлік мәселесі сот талқылауына түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Семей тұрғындары үшін қоғамдық көлік мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов баспасөз мәслихаты барысында осы тұрғыда қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Semey Bus» ЖШС лизингтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін бір жарым жыл бойы орындамаған. Кәсіпорын қызметкерлері де жалақыларын уақтылы ала алмай келді. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша сот талқылауы өтіп жатыр», – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, егер «Semey Bus» ЖШС сот ісінде жеңіп шықса, жұмыс қайта жалғасып, бірінші кезекте қажетті ақша бөлінетін болады. Ал істі Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңсе, онда мүлікті осы кәсіпорынға беруге тура келеді. Тендер жарияланып, жеңімпаз болашақта жолаушылар тасымалымен айналысады. Жеңілдік қарастырылған санаттағылар үшін жолақыны төлеу бойынша міндеттемелерді де орындаймыз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.