USD
USD
USD

Қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін

Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.

Қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қоғамдық көлік 12 мамырдан бастап қатынай бастады. Әзірге желіде - қалалық бағыттар ғана. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни маска тағады, қолғап киеді және антисептик қолданады. COVID-19 жұқтыру қаупі әлі сейілмегендіктен, жолаушыларды қоғамдық көлікте бетперде тағып жүруге шақырған едік. Өкінішке қарай, барлығы ережені бір адамдай сақтай бермейді», - деді CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Оның айтуынша, 27 наурыздан 16 сәуірге дейін №1 автопарктің бір қызметкері ауырған адаммен байланыста болғандықтан, карантинге жабылған. «Егер де жағдай тағы қайталанса, қоғамдық көлік түгелімен тоқтауы мүмкін. Сол себепті елорда тұрғындарын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына бей-жай қарамай, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз», - деді Оксана Лоскутова.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша