USD
USD
USD

Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданымен халқымен кездесуде айтты, деп хабарлады NEGE.kz.

Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының биылғы 16 наурыздағы Жолдауындағы тапсырмасына орай, еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрамы 90 пайыз жаңартылды. Қазір кеңестердің жұмысын жетілдіріп жатырмыз», - деді Д.Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын Ұлытау жерінде өткізуі бұл аймақтың елдің руханияты мен мәдениеті, болашағы мен бүгіні үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы: «Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды», – деп атап өткен болатын», - деді министр.

Өңірлерде қоғамдық кеңестердің қатысуымен медициналық қызметтерге төленетін төлем, мектеп, спорт алаңдары құрылысы, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол салу мәселері оң шешімін тапқан.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі