USD
USD
USD

Қоғамдық кеңес шағын және орта бизнесті қолдайтынын айтты

Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, "Тұран" университетінің ректоры,  Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер туралы сараптамалық пікірімен бөлісті. 

Қоғамдық кеңес шағын және орта бизнесті қолдайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. "Жыл сайынғы Жолдау бір жылға арналған міндеттерді айқындайды. Президент барлық аспектілерге тоқталып, біздің қаламызға тікелей қатысы бар  ел қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Біріншіден, шағын және орта бизнесті, әсіресе шағын бизнесті қолдау. Неліктен мұндай айырмашылық бар десеңіз,  өйткені шағын бизнес біздің кірістеріміздің негізгі көзі болып табылады. Бұл жағдайда біз оларға жағдай жасап, жыл соңына дейін салықтан босатып, олардың мемлекеттік тапсырыстарға, тендерлерге қатысуына жағдай жасауымыз керек", - деп атап өтті Р. Алшанов. 

Мемлекет Басшысы Жолдауда атап өткендей, шағын, әсіресе микробизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Бизнесті қолдау шаралары,  әсіресе,  Алматы қаласының экономикасы үшін маңызды. 

Бірінші кезекте, бизнес тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Жұмыссыздықты азайтады. Салық базасын қалыптастыра отырып, жергілікті бюджетті де толықтырады. Сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті дамыту патерналистік көзқарастар мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді жалғастырады.

Р.Алшанов, маңызды реформалардың ішінде, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті қайта жаңғырту, аграрлық сектор мен өндірісті дамыту мәселелерін де атап өтті.

"Жолдау айқын және нақты болды. Көтерілген барлық аспектілер атаулы болды және олар көптеген мәселелерді шешуі тиіс", - деп қорытындылады Р.Алшанов.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі