USD
USD
USD

Қоғамдық бірлестіктер басшысы мүгедектерге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін сотталды

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Қоғамдық бірлестіктер басшысы мүгедектерге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Тергеу барысында "Новая жизнь 2030" және "Жүрек жылуы" қоғамдық бірлестіктерінің 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы алатын бөгде мамандар тартылды. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот қоғамдық бірлестіктер басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры