USD
USD
USD

Қоғамдық тәртіпті бұзған атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді

Қоғамдық тәртіпті бұзған атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 331 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты.

Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында — алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру. Осы бойынша 189 факт, әуе кемесінде шылым шегу – 89, ұсақ бұзақылық – 24 және тағы басқа да деректер анықталды.

Мәселен, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана – Атырау бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісімен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын түсірді. Тексеру кезінде жолаушы мас күйде болып, ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды. Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.

Көлік полицейлері аталған азаматқа қатысты билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, ұсақ бұзақылық жасау, бортсеріктердің талаптарын орындамау, сондай-ақ қоғамдық орынға мас күйінде келу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Іс бойынша материалдар сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов

Тоқаев Серік Шәпкеновті Атырау облысы әкімі лауазымынан босатты

Серік Шәпкенов