Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қоғамдық кеңес мүшелері Қонаев қаласының туристік аймақтарында экологиялық бақылау жүргізді

2025 жылғы 1 тамызда Алматы облысының туристік және рекреациялық аймақтарын қоғамдық бақылау шеңберінде Қоғамдық кеңес мүшелері экологиялық мониторинг жүргізді.

Қонаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көшпелі экологиялық мониторинг Қонаев қаласындағы 5-ші және 6-шы жағажай аумағында өтті.

Мониторингтің мақсаты –өзекті экологиялық проблемаларды анықтап, жағалау аймағының санитарлық жағдайын бағалау, сондай-ақ демалушылар үшін инфрақұрылым мен жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Суға түсу маусымы болғандықтан, аталмыш нысандарда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Атап айтқанда, суға түсу кезінде жағалау сызығынан асқан кезде дереу ескертіледі, қоқыс тұрақты түрде тазаланады, медпунктер жүйелі жұмыс атқаруда, құтқарушылар әрдайым көмек қолын созуға дайын.

Айта кетейік, 5-ші жағажайда құтқарушылар саны 15 құтқарушыдан 22-ге өскен. Ал, 6-шы жағажайға тағы үшеу қосылған. Сондай-ақ 4 лед-экран орнатылған. 5-ші жағалауда 22 дауыс зорайтқыш орнатылған.

Аумақта 4 құтқару мұнарасы және судағы тәртіп ережелерімен таныстыратын ақпараттық стендтер бар. Су көліктері мен шағын көлемді кемелерге арналған 2 бөлек орын белгіленген.

Осы бағыттағы жұмысты Қоғамдық кеңес маусым аяқталғанша жүргізетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример