USD
USD
USD

Қоғам талқылауына сындарлы пікірлерді енгізу керек

Алматы, NEGE.

Қоғам талқылауына сындарлы пікірлерді енгізу керек
Фото: NEGE.kz

«ҮЕҰ мен азаматтық секторды нақты тақырыптар бойынша шектеу мүмкін емес. Азаматтық белсенділер мен қоғамдық ҮЕҰ-лар мемлекеттің барлық қызмет салаларына тартылған. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, сарапшылармен кездесуі өтті. Бұл ретте түрлі сипаттағы мәселелер талқыланды. Бірінші кезекте үкіметтік емес секторды қолдау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту бағытында азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдар ынтымақтаса жұмыс істейтін қадамдар қамтылды», - деді Лима Диас.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі кездесудің ең басты тезисі үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылардың пікірлерін қамтып, ұсыныстар жасауға қатысты болды. Бұл тұрғыда қоғамда кеңінен талқылауға сындарлы пікірді әрі ұстанымды шығаруға екпін қойылып отыр.

«Уақыт алға жылжып келеді, интернет жұмыстың әрі коммуникацияның қадамдарын өзгертіп жатыр. Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүргізетін тетіктері де сәйкесінше өзгеріске ұшырауы керек. Қазіргі кезде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіліп отыр және жаңа ұсыныстар пысықталып жатыр», - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өтті.

Кездесуден кейін әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік оң қарқында дамып келе жатқанын айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров жаһандану процестері алдымызға көптеген талаптарды қойып отырғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.