USD
USD
USD

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды

5 наурызда Оразалы Ержановтың 10 тәулікке тағайындалған қамау мерзімі аяқталған. Алайда сол күні сот оны қайтадан екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Оразалы Ержанов
Фото: instagram.com/urazaly_yerzhanov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде журналист Вадим Борейко хабарлады.

«Бүгін, 2026 жылғы 5 наурызда шамамен сағат 19:40-та Оразалы Ержановтың 10 тәулікке қамау мерзімінің аяқталуына бір сағат қалғанда оны тағы екі айға қамауға алды. Бұл туралы маған адвокат Виталий Воронов хабарлады», – деп жазды Борейко.

Еске салсақ, 26 ақпанда Оразалы Ержановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Кейін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғам белсендісінің қамауға алынуына қатысты ресми түсініктеме берді. Сондай-ақ сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полицейлер Ержановтың әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар, референдумды бойкоттауға шақыру және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған мәліметтер жарияланғанын анықтаған.

Айта кетерлігі, Оразалы Ержанов Конституция жобасын және референдумның асығыс өткізілуін сынға алған.

Қазір оқып жатыр

Дрон шабуылы: Қазақстан энергетика нысандарындағы қорғаныс жүйесін күшейтпек

Электр энергетика

Оңтүстік Кореяда Орталық Азия елдерінен барған азаматтардың жаппай төбелесі тергеліп жатыр

Оңтүстік Кореядағы төбелес

Семей жылу беру маусымына дайын болмай шықты: Бектенов кімді жазалауды тапсырды?

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Өскеменде дәмханада жанжал шығып, полиция қызметкері қаза болды

Маңғыстау