USD
USD
USD

Кофе емес, шәй берші!

Адамзат кофе ішуін күрт азайтып, әлемдегі кофе өндірісін тығырыққа тіреді. Оған коронавирус кінәлі.

Кофе емес, шәй берші!
Фото: NEGE.kz

Биыл әлемде кофені тұтыну 2011 жылдан бастап тұңғыш рет құлдырайды. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі осындай болжам жасаған деп жазады, Bloomberg.

Кафе мен мейрамханалар сұраныстың 25 пайызын құрайтын. Олар карантин кезінде жабық болғандықтан, кофе айналымы күрт төмендеді. Және кеңсеге жұмысқа кетіп бара жатып, адамдар жолда өзімен бірге кофе алатын. Үйде онлайн жұмыс істеп отырғандар енді олай істемейтіні анық.

Клиенттердің айтарлықтай бөлігі енді кофеханаларға қайтып келмейді. Сондықтан әлемдегі алпауыт Starbucks өзінің бизнес-моделін қайта құруды бастады. Оның біраз кофеханалары жабылып жатыр.

Citigroup болжамына сәйкес, Arabica кофесінің фьючерстері жылдың екінші жартысында шамамен 10% -ға құлдырайды. 

Қазір оқып жатыр

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Шавкат Рахмонов

Тоқаев неге Иран Президентімен сөйлеспегенін түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев