USD
USD
USD

ҰҚК іздеп жатқан қазақстандық Украинадағы соғыста қаза тапқан болуы мүмкін

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Дәулет Сарманбаевқа іздеу жариялады. Алайда украиналық «Хочу жить» жобасының мәліметінше, ол Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан.

war
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. 13 қазанда «Хочу жить» жобасы Ресей армиясы қатарында соғысқа қатысып, қаза тапқан 270 адамның тізімін жариялады. Сол тізімде 188-нөмірмен Сарманбаев Дәулет Қоңырбайұлы көрсетілген. 1976 жылғы 7 қазанда туған. 

Жоба дерегіне сүйенсек, ол 2025 жылғы 9 қыркүйекте қаза тапқан деп танылған. Әскерде 33-атқыштар полкі, 20-мотострелок дивизиясы құрамында қызмет еткен.

Іздеуге жарияланған Сарманбаев пен қаза тапты делінген Сарманбаевтың бір адам екенін растайтын тағы бір дерек бар.

ҰҚК жариялаған іздеу карточкасында Сарманбаевқа қатысты іс 2025 жылғы 3 қарашада Қызылорда облысында тіркелгені көрсетілген.

15 қазанда «Уральская неделя» басылымы Facebook парақшасында Украинада қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялаған. Сол жазбаның астына Қайрат есімді бір қолданушы пікір қалдырып, 2017–2020 жылдары Чинарев кен орнында Дәулет Сарманбаевпен бірге вахтада жұмыс істегенін жазған.

«Қызылорда облысы, Шиелі ауылынан еді. Жақсы жігіт болатын, сабырлы, еңбекқор», деп еске алған ол.

Яғни екеуі де Қызылорда облысынан.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар