Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚМДБ жанынан телеарна ашылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республикалық телеарнасы ашылады.

ҚМДБ жанынан телеарна ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақпарат таратудың телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз», – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмысы аяқталды.

Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі.

Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады.

Ертең, 3 қараша күні өтетін телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

Қазақстан туралы даулы пікір айтқан ресейлік блогер елден шығарылды

Ксения Гузаева

Қарағанды облысында электр станциясына 8 млн теңге айыппұл салынды

экологиялық бұзушылық

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.