USD
USD
USD

ҚМДБ Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми өкілі Ағабек Қоңырбайұлы мәлімдеді.

ҚМДБ Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді. Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз», - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді.

Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығымызды мәлімдейміз. Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырамыз. Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен соғыстан аман еткей», - делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары