USD
USD
USD

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бүгін, 2024 жылғы 25 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп отырғанда ұсталған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады.

Тәжімбет Бақытбек
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.

– Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай, – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза