USD
USD
USD

Қазақстандық имамдар АҚШ-тың бес қаласын араламақ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері АҚШ-тағы қазақ диаспорасымен рухани кездесулер өткізеді.

muftiyat.kz
Фото: muftiyat.kz

Астана, NEGE. Делегацияны бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастап бармақ. Бұл жөнінде Діни басқарма өкілдері хабарлады.

«Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ұйытқы болуымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет бастаған ҚМДБ делегациясы АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттермен рухани кездесу өткізеді», – делінген мүфтият хабарламасында.

Жиын өтетін қалалар мен кездесу күндері:

  • 27 қаңтар – Вашингтон қаласы.
  • 29 қаңтар – Нью-Йорк қаласы.
  • 30 қаңтар – Чикаго қаласы.
  • 31 қаңтар – Хьюстон қаласы.
  • 1 ақпан – Сан-Франциско қаласы.

Кездесу орны мен уақыты қосымша хабарланбақ.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу