USD
USD
USD

ҚМДБ балаларға аяғын уқалатқан медресе ұстазы Абдужаппар Смановқа ескерту жасады (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте медресенің бас ұстазы Абдужаппар Смановтың балаларға аяғын уқалатқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. 

Абдужаппар Сманов
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. ҚМДБ аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді. 

Бұл оқиғадан кейін медресенің бас ұстазы Абдужаппар Смановқа ескерту жасалған. 

«Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауға тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ