USD
USD
USD

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі сотталған Перизат Қайраттың туыстары Дубайдағы бірнеше пәтерді оның қылмыстық жолмен алған ақшасына сатып алған болуы мүмкін деген болжамды тексеріп, ақпарат расталмағанын хабарлады.

Перизат Қайрат
Фото: Перизат Қайрат/instagram.com

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, тергеу барысында барлық қаржылық операция жан-жақты талданып, жымқырылған ақшаны заңдастырудың бүкіл тізбегі анықталған. Ал Дубайдағы жылжымайтын мүлік 2011-2019 жылдары, яғни Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры құрылғанға және Перизат Қайрат қылмыстық әрекетке кіріскенге дейін сатып алынған.

ҚМА өкілдері Перизат Қайратқа туыс болып келетін ерлі-зайыпты 20 жылдан астам уақыт бойы жылжымайтын мүлік сатып алып, қайта сатумен айналысып келгенін анықтаған. Сондай-ақ ерлі зайыпты сотталған Перизат Қайрат пен анасынан бөлек тұрып, кәсіпкерлік қызметін де дербес жүргізген.

Бұл ретте агенттік өкілдері күдіктілермен туыстық байланысы бар деген себептің өзі адамды қылмыстық жауапқа тартуға және мүлкін тәркілеуге заңды негіз бола алмайтынын алға тартады. Мүліктің қылмыстық жолмен алынғанын растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана оны бұғаттауға және тәркілеуге жол беріледі.

Еске салсақ, бұған дейін Telegram-дағы арналардың бірінде Перизат Қайраттың туысынан Дубайда жалпы құны шамамен 5,9 млн доллар немесе 2,67 млрд теңге болатын жеті жылжымайтын мүлік анықталғанын жазған еді. Арна мәліметінше, пәтерлер Перизат Қайраттың анасының туған ағасы Сәбит Алашбаевтың жұбайы Гүлбану Алашбаеваның атына рәсімделген. Жылжымайтын мүліктер Дубайдағы бірнеше элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан. Олардың арасында Бурдж-Халифаға жақын нысандар да бар.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылық желеуімен жиналған 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен сотталды. Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуінен жеке тұрғын үй, пәтерлер мен көліктер және  97 миллион теңгеден астам және 22 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Антистресс