USD
USD
USD

ҚМА онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлерді жазалауды ұсынды

Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноны жарнамалайтын блогерлерге қылмыстық жауапкершілік жүктеу негіздерін кеңейтуді ұсынып отыр.

Онлайн-казино
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Егер блогер аса ірі табыс тапса (мысалы, 20 млн теңгеден жоғары), біреуге ірі залал келіп, ол шағым түсірсе, сондай-ақ жарнаманың салдарынан суицид жасалса қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды.

Журналистер ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен адамның ойынды өзі ойнайтынын немесе суицид жасау шешімін өзі қабылдайтынын ескере отырып, блогерлерге жауапкершілік жүктеу қаншалықты әділ екенін сұрады.

«Блогерлердің белгілі бір аудиториясы бар, қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Олар жарнама жасағанда, басқаларды соған итермелеуі мүмкін. Әртүрлі адамдар бар, кейбіреулері мұндай жарнамаға тез еріп қалады. Өздеріңіз білесіздер, кейбір жарнамалар өте агрессивті болады, тіпті түрлі ұтыс ойындары арқылы ынталандырады. Сондықтан менің ойымша, жарнама жасайтын адамдар мұндай әрекеттерінің салдарын түсініп, жауапкершілік арқалауы тиіс. Егер олардың әрекеті осындай жағдайларға әкеліп соқса, тиісінше жауапкершілік болуы керек», – деді Елемесов.

Ол сондай-ақ лудоманияны емдеу қиын екенін әрі оның отбасыларды күйрететінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.