USD
USD
USD

ҚМА «Mellstroy» блогеріне халықаралық іздеу жариялады

Астанада «Mellstroy» лақап атымен белгілі блогерге қатысты тергеуді басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. 

блогер
Фото: әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Андрей Буримді халықаралық іздеуге жариялағанын хабарлады. Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Агенттік мәліметінше, блогер онлайн-казиноны насихаттау үшін түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер өткізіп, адамдарға TikTok, YouTube Shorts және басқа платформаларда казино атауы мен логотиптері көрсетілген видеолар түсіруді ұсынған.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. 

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент