USD
USD
USD

Скляр Үкімет басшысына Екібастұздағы жылу беру жұмыстарын баяндады

Екібастұз қаласында жүрген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апаттың зардаптарын жою барысы туралы баяндады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Скляр Үкімет басшысына Екібастұздағы жылу беру жұмыстарын баяндады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вице-Премьер 4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдай бойынша 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 11 тұрғын үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Дайындық деңгейі жоғары, сондықтан кешке дейін олардың желілері (жертөлелер) жылуға қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар бұл үйлерде жылу радиаторлары мен жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерде жылу беріле бастайды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жылу берілген үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялары – кәріз құбырларын, сумен жабдықтау жүйелерін және т. б. ауыстыру қажет екенін және бұл жұмыстың Үкіметтің бақылауында екенін айтты.

«Жылу толығымен берілмейінше жөндеу жұмыстарына тартылған бірде-бір ұйым бұл үйлерден кетпейді
Қазіргі уақытта барлығы 484 адам жұмылдырылған. Біз өз жұмысымыздың форматын толығымен өзгерттік, ол тәулік бойы жүргізіледі», – деді Роман Скляр.

Премьер-Министр барлық жұмыстарды тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған