Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Клеверли: Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауын жоғары бағалаймыз

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанада өткен брифингте Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаудағы дәйекті және принципті ұстанымын жоғары бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клеверли: Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауын жоғары бағалаймыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға ресми сапары басталды. Астанада оның қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіліп жатыр. 

"Ресейдің Украинадағы соғысы және оның территориясының бір бөлігін басып алу әрекеті БҰҰ Жарғысының қағидаттарын бұзу болып табылады. Бұл - украин халқының өз болашағын таңдауға деген негізгі құқықтарын жоққа шығару. Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаудағы дәйекті және принципті ұстанымын және соғысты БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес шешуге деген ниетін жоғары бағалайды", – деді Джеймс Клеверли.

Ол Ұлыбритания Қазақстанды өзінің орасан зор ядролық әлеуетінен бас тартқан тәуелсіз және егемен ел ретінде құрметтейтінін атап өтті.

"Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселелерінде өзінің көшбасшылығын көрсетуде. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды жайт. Сіздердің Президентіңіздің әртүрлі саладағы реформаларға деген ұмтылысын жоғары бағалаймын", – деді Джеймс Клеверли.

Осы аптаның басында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдіктерінің достастық және даму істері жөніндегі Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары 17-18 наурызда өтетіні белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты