USD
USD
USD

КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатқаны хабарланды

"КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді.

КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатқаны хабарланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты судьясының 5 шілдедегі шешімі бойынша "КҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Үздіксіз әрекетті ескере отырып, "КҚК-Р" АҚ сотқа судья шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берді", - деді ведомсвто өкілдері.

Энергетика министрлігі консорциум Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен Ространснадзор бұйрығында көрсетілген құжаттық заңбұзушылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды "КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау тұрақты режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді министрлік өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек