USD
USD
USD

КҚК-ның Теңіз терминалындағы үшінші айлақ пайдалануға берілді

Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, үшінші айлақ құрылғысы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

КҚК шабуылы
Фото: cpc.ru

Алматы, NEGE. Жөндеу барысында қалпына келтіру және техникалық жұмыстардың толық кешені орындалып, құрылғының қауіпсіз жұмысқа дайын екендігін растаған барлық қажетті сынақтар жүргізілді. Үшінші айлақтың іске қосылуы мұнайды екі айлақ құрылғысы арқылы бір мезгілде жөнелтуге мүмкіндік береді.

Бұл Теңіз терминалының жұмыс сенімділігін арттырып, жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейтеді әрі қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдаудың бекітілген кестелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Нысандарды пайдалану өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкестікпен жүзеге асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy