USD
USD
USD

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы танкерлерге тиеуді қайта бастады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева хабарлады.

КҚК шабуылы
Фото: cpc.ru

Астана, NEGE. Қазір КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеліп жатыр. Екі кеме де «Теңізшевройл» компаниясының мұнайын қабылдап жатыр.

Мұнай қабылдаудың қайта басталуы өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізіп, теңіз терминалы арқылы экспорттауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, терминалдағы жұмыстар қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіліп жатыр.

Энергетика министрлігі КҚК басшылығымен, мұнай жөнелтуші компаниялармен және өзге де тараптармен байланыста. Ведомство қазақстандық мұнайды тасымалдау жағдайын үздіксіз бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, 23 шілдеде Қара теңіздегі жағдайға байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. Соның салдарынан Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіріс көлемін азайтты. 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.