USD
USD
USD

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басты арнасы болып қала береді. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов халықаралық CERAWeek конференциясында мәлімдеді.

КҚК
Фото: КҚК

Астана, NEGE. Талқылау барысында министр энергетика саласының алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, басты мәселелердің бірі – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл ретте Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесінің тұрақты жұмысын сақтау ерекше маңызға ие. Себебі дәл осы құбыр арқылы Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталады.

Министр КҚК бағытының үздіксіз жұмыс істеуі ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы бағытына шығатын маршруттарды дамыту қарастырылуда. Дегенмен экономикалық тиімділігі жоғары болғандықтан, КҚК әзірге Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі әрі басым арнасы болып қала береді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.