Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

КҚК-ға жасалған шабуыл үшін АҚШ Украинаға қысым көрсетуі керек – Сарым

Депутат Айдос Сарым 13 қаңтарда Каспий құбыр консорциумы терминалында Қазақстан мұнайын тиегелі тұрған екі танкерге дронмен жасалған шабуыл жөнінде пікірін білдірді.

primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Оның пікірінше, Каспий құбыр консорциумы НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ акционерлер бірлесіп қамтамасыз етуі керек.

«Менің ойымша, дегенмен, бұл – бір мәселе... Өйткені Ресей де – акционер, соған сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей көбірек шара қабылдауы керек. Бұл біріншіден. Бұған дейін де айтқанмын, меніңше, ірі акционерлердің бірі – Chevron. Біз Украина АҚШ-тың қолдауына аса тәуелді екенін білеміз.

Менің ойымша, АҚШ пен басқа да серіктестеріміз Украинаға бірлесіп қысым көрсетуі керек», – дейді Айдос Сарым.

Айта кетейік, 13 қаңтарда әлемдік БАҚ Каспий құбыр консорциумының Қара теңіздегі жүк тиеу терминалы маңында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат таратты.

Дереккөздердің хабарлауынша, грекиялық Delta Tankers компаниясының басқаруындағы Delta Harmony такеріне «Теңізшевройл» жобасының мұнайы, ал Thenamaris компаниясының басқаруындағы Matilda танкеріне Қарашығанақ кен орнынан өндірілген мұнай тиелуі керек болған.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Қара теңізде танкерлерге жасалған шабуыл жасалғанын растағанымен, Қазақстан экспортына зиян келмегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы