USD
USD
USD

КҚК-ға жасалған шабуыл: Қазақстан 3,8 млн тонна мұнай экспортынан қағылды

Бұл жөнінде 28 қаңтарда Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

cpc.ru
Фото: cpc.ru

Астана, NEGE. Оның айтуынша, соған қарамастан, Қазақстан жоспарды асыра орындаған.

«Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл салдарынан шамамен 3,8 млн тонна мұнай экспортынан айырылдық. Жоспарға келсек, оны асыра орындадық», – дейді министр.

Сондай-ақ министр КТК нысандары маңында шабуылға ұшыраған танкерлер «көлеңкелі флотқа» жатпайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, кемелерге жасалған соққылар жүк жөнелтуге әсер етпегенімен, сақтандыру құны қымбаттаған.

Қазіргі уақытта министрлік шикізат өндіру бойынша қорытынды әзірлеп жатқаны мәлім болды.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Каспий құбыр консорциумы терминалына кезекті шабуыл жасалды. Ол кезде Қазақстан мұнайын тиегелі тұрған екі танкер шабуылға ұшырады. Delta Harmony және Matilda атты екі танкерге КҚК-ның теңіздегі айлағында Қазақстаннан жеткізілген мұнай тиелуі тиіс болған. Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растап, жүк цистерналары бос болғандықтан, Қазақстанның экспорттық ресурстарына зиян келмегенін мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж