USD
USD
USD

КҚК-дағы шабуыл: АҚШ Украинаға ескерту жасады

АҚШ Каспий құбыр консорциумы нысандарына жасалған шабуылдардан кейін Украинаға демарш жариялады.

КҚК шабуылы
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Нақтырақ айтқанда, АҚШ өткен жылдың соңында Қара теңіздегі ресейлік мұнай өңдеу нысанына жасалған украиналық соққылардың Қазақстандағы америкалық инвестицияларға әсер еткенін алға тартқан.

«Біз Украинаның Новороссийскке жасаған шабуылдары Қазақстан арқылы іске асырылып жатқан кейбір америкалық инвестицияларға әсер еткенін естідік. Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінен америкалық мүдделерге соққы жасаудан бас тарту жөнінде ескерту алғанымызды білдік», – деді елші.

Алайда АҚШ Киевке Ресейдің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасаудан бас тартуды ұсынбаған.

Еске салсақ, 29 қараша күні таңертең Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан Новороссийск портының капитаны барлық жүк тиеуді тоқтатуға, танкерлерді акваториядан шығаруға бұйрық берді. Салдарынан ВПУ-2 айлақ құрылғысы зақымдалды. Жарылыстан кейін терминал жұмысы тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Шабуыл салдарынан Қазақстан елеулі шығынға ұшырады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж