USD
USD
USD

Қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деп айыпталған шымкенттік шенеунік ақталып шықты

Қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деп айыпталған шымкенттік шенеунік ақталып шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деп айыпталған шымкенттік шенеунік ақталып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының бұрынғы басшысы М.С.Қоқанбаевқа қатысты ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен қозғалған қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы ашық түрде өтті.

Қылмыстық қудалау органымен М.С.Қоқанбаев лауазымды адам бола тұра қызметтік өкілетін теріс пайдаланған деп айыпталған болатын. Яғни, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке басқарма тарапынан ай сайын берілетін міндетті субсидияларды уақтылы, ешбір кедергісіз аударуына, жұмысына кедергі жасамау үшін 13 000 000 теңге алды деген күдікке ілінді.

Бүгінгі өткен сот отырысында М.С.Қоқанбаев тағылған айып бойынша, оның әрекеттерінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақталып шықты.

«Қылмыстық процесті жүргізуші органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ» - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар