USD
USD
USD

«Қызметіне қайта оралды» – Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жанат Элиманов
Фото: primeminister.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ал бұл қызметті бұған дейін атқарған Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туылған. Білімі жоғары, 1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2000-2009 жылдары – прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;

2009-2012 жылдары – Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2012-2014 жылдары – Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2014-2017 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;

2017-2019 жылдары – прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2019-2020 жылдары – Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;

2021-2024 жылдары – Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

2024 жылғы ақпаннан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, ондаған метрге ұшып кеткен

Ақтау газ балон