Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қызметкерлері вакцина алмаған нысандардың жұмысы тоқтайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса нысанның жұмысы тоқтайтынын мәлім етті.

Қызметкерлері вакцина алмаған нысандардың жұмысы тоқтайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл әлеуметтік нысандар, яғни қолжетімді, жеңілдікті тұрғын үй, оқу орындары, аула клубтары және т.б. нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездестік. Жұмыс жоспарын талқылап, уақытын белгіледік. Эпидемиологиялық жағдайды және нысанда жұмыс істейтін адамның көптігін ескере отырып, міндетті түрде вакцинациялау ұсынылды (медициналық тұрғыда рұқсат етілмегендерден бөлек). Вакцинация нысанда жұмыс істейтін қызметкерлерді және олардың отбасын, сондай-ақ айналасындағы жұртты қорғайды. Осылайша коронавирустың таралуы тоқтайды. Вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса, нысанның жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Себебі елордамыз бен тұрғындарымыздың қауіпсіздігі бәрінен жоғары», - деп жазды елорда әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев