USD
USD
USD

Қызметкері екпе алмаса, жұмыс берушіге айыппұл салына ма?

Вакцина алмаған қызметкердің жұмысқа кіріп-шығуы шектеледі.

Қызметкері екпе алмаса, жұмыс берушіге айыппұл салына ма?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Вакцина салдырмаған адамның жұмысқа кіріп-шығуы шектеледі. Елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында «Екпе алмағандар немесе алғысы келмейтіндер апта сайын ПТР тест тапсыруы керектігі» жазылған. Оның мерзімі 7 күнге жарамды. Ал денсаулыққа байланысты вакцина алмайтын болса, оны растайтын медициналық анықтама алу керек.

Бұл халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, банк, валюта айырбастау бөлімшелері, гүл сататын орындарға, нотариус, сауда үйлері, қонақүйлер, әуежай, мектеп, балабақша және өзге де мекемелерге қатысты талап. Марал Рақымжанова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы: – Қаулыда физикалық тұлғалар деп көрсетілгені – жеке кәсіпкерлерді меңзегені. Яғни, қарапайым азамат, не жұмысшыға қатысты емес. Қаулыға сәйкес, жұмыс берушілер бәріне екпе салдыруды ұйымдастыруы шарт, әрі вакцина салдырмағандарды оффлайн жұмысқа тартпауы керек. Яғни, бірінші компонентті шілденің 15-нен кейін, екінші компонентті тамыздың 15-не дейін салдырмаған жұмысшылар қашықтан жұмыс істеуге міндеттеледі. Немесе апта сайын ПТР тест тапсыруы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп