USD
USD
USD

Қызмет бабында қаза тапқан полицей III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы Шалхар Байжомартов «Айбын» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.

– Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді, – деді Айдар Сайтбеков.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында болды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.

– Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі – азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі, – деп түйіндеді А. Сайтбеков.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант