USD
USD
USD

Қызмет бабында қаза тапқан қос полиция қызметкері марапатталды

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақпарат таратты.

п
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Қос мерекеге арналған думанды шараға ардагерлер, тыл еңбеккерлері, полиция қызметкерлері мен ұландықтар қатысты. Жиналған көпшілікті министр Ержан Саденов құттықтады.

"Қадірлі ардагерлер! Құрметті әріптестер! Сіздерді ерліктің символына айналған қос мереке - Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күндер - халқымыздың қаһармандығы мен бірлігінің, тарих алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы "Тәуелсіз елдің қорғаны мықты болуы шарт. Отанды қорғау - әр азаматтың қасиетті борышы" деп атап өтті. Мереке құтты болсын!", - деді Ішкі істер министрі.

Марапат алғандардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов болды. Жасы бір ғасырдан асқан ақсақал ғұмырын ішкі істер саласына арнаған.

"Полицейлер мен ардагерлерден бөлек, бұл күні қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының есімі ұлықталды. Олардың қатарында Жәлелхан Мұрымбаев пен Иват Мумбаев бар. Айбынды ерлердің туыстарына мемлекеттік марапат табысталды" деді ІІМ баспасөз қызметі.

Милиция сержанты Иват Мумбаев ішкі істер органдарына 1990 жылы келген. Ол 1992 жылы Орал қаласында үш бұзақыны құрықтау кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.

Жәлелхан Мұрымбаев та погонды еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Шығыс Қазақстан облысында қызмет еткен ол 2001 жылы қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды құтқарып қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана