USD
USD
USD

Қызын аюға лақтырған әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ташкентте үш жасар қызын зообақтағы аюдың торына лақтырған әйел күйзелісте болғаны айтылды, - деп хабарлайды  РИА Новости.

Қызын аюға лақтырған әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Өзбекстанның отбасын қолдау министрлігі әйел қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, оған және оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілгенін хабарлады.

"Азаматша З.Т екі баласымен бірге Ташкенттің Сергелий ауданындағы әкесіне тиесілі пәтерде тұрады. Ол жұбайының Ресейге кеткені әсерінен күйзеліске түскені белгілі болды", - деді агенттіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

"Зардап шеккен қызға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, кішкентай қыз ми жарақатын алып, ми шайқалу диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты.

Еске салайық, бұған дейін Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі 28 қаңтарда әйел өз қызын аюы бар қоршауға лақтырғанын хабарлаған болатын. Аю қызға тиіспеген, бүлдіршін бес метр биіктіктен құлаған. Прокуратура органдары анасына қатысты "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, онда кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кейін әлеуметтік желілерде бақылау камерасынан видео тарады, онда анасы баланы Ташкент хайуанаттар бағындағы аю жатқан қоршауға тастаған сәт бейнеленген.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов