USD
USD
USD

"Қызың жол апатына ұшырады": Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберді

Көкшетауда телефон алаяқтары қала тұрғынын алдап, 5 миллион теңгесін алып қойған, деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

F
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. "Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, биылғы жылдың 19 тамызында сағат 14:00 шамасында белгісіз біреулер телефон соғып, "қызың жол апатына ұшырады" деп жалған ақпарат берген.

 "Көмек көрсету қажет" деген желеумен қылмыскерлер алаяқтық жолмен 5 миллион теңгені иемденіп алған", - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын анықтады, олардың оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция "туыс адамның жол апатына ұшырағаны" туралы қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті.

"Егер біреу қоңырау шалып, ақша сұраса, сабыр сақтап, жақындарыңызға тікелей хабарласып, ақпаратты тексеруді ұмытпаңыз. Қырағылық пен байсалдылық ақшаңызды жоғалтпауға көмектеседі", - дейді полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон