USD
USD
USD

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші перзенті – қызы дүниеге келгенін айтып, желіде сүйінші жаңалығын жеткізді.

Төреғали Төреәлі
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Астана, NEGE. Әнші қызы дүниеге келетін кезде қатты уайымдағанын жасырмады. Айтуынша, жарына төртінші рет кесар тілігі жасалған.

«Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі.

Толқында бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым», – деп жазды Төреғали желідегі жеке парақшасында.

Әнші ота үстінде қарап тұру оңай болмағанын айтады.

«Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл – өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл – Алланың құдіретін көзбен сезіну», – дейді ол.

Жұлдызды отбасында дүниеге келген сәбидің есімін нағашы атасы мен әжесі қойыпты. 

«Қызымыздың есімін Мәриәм деп қойдық. Бұл есім – жүрекпен қабылданған шешім», – делінген жазбада.

Ал әншінің продюсері Жан Мұқанов пен жары Асыл сәбидің кіндік әке-шешесі атанған.

«Мәриәм, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. 

Жолың жарық болсын! Өмірің нұрлы болсын! Әкең әрдайым жаныңда», – деп ағынан жарылады Төреғали Төреәлі.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.