USD
USD
USD

Қызылжарда полицейді әйелі пышақтап өлтірген

Атышулы оқиға Қызылжардың Береке ықшам ауданында мамыр айында болған. Учаскелік полицей ата-анасымен, жарымен, екі кішкентай баласымен бәрі бірге тұрып жатқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қызылжарда полицейді әйелі пышақтап өлтірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Туыстарының айтуынша, түнгі үштер шамасында марқұмның қанға тұншығып жатқанын әкесі естіп, бірден жатын бөлмесіне барған. Қанжоса етіп пышақталған баласы мен сілейіп тұрған келінін көріп жанұшыра айқайлап жіберген.   Бастапқыда әйелі күйеуінің суицид жасағанын айтып ақталған көрінеді. Алайда, тергеп тексері кезінде кінәсін толық мойындаған.   

- ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 бөлігі адам өлтіруге сәйкес Жұмағали Айгүл кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздігі бар колонияда 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бұдан бөлек айыпталушы жәбірленуші тарапқа 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс, - деді СҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Сергей Викторенко.

Марқұм сол ауылда учаскелік полицей қызметін атқарған. Еңбекқорлығының арқасында өткен жылы Петропавлдың "Үздік маман" атаныпты.  Әріптестері оның қызметіне адал, тәртіпті отағасы болғанын айтады. Ал сотталған әйелдің төркіні марқұммен көңілдес болған әйел берекелі отбасының шырқын бұзды деп есептейді.  

Айыпталушының анасының айтуынша, бәрін бүлдірген күйеу баламен көңілдес болған әйел.

“Бәрін бүлдірген күйеу баламмен көңілдес болған әйел.  Дарханнан бала тапты дейді. Бірақ баланың Дарханнан екеніне сенімді емес. Анығын өзі де білмейді. Сол әйелді соттау керек. Ал менің қызым кінәлі емес деп ойлаймын”, – дейді сотталушының анасы Айсұлу Баубекова.   

Марқұм мен сотталған әйелдің артында шиіттей екі баласы қалды. Ата-әжесі немерелерін өз қамқорлығына алды. Сотталушының жақындары соттың қосымша 4 миллион теңге көлемінде өтемақы салынғанына аң-таң. Олар бұл шешіммен келіспей отыр.

Қазір оқып жатыр

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Бекет Әбішев

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер