USD
USD
USD

Қызылжар орманшылығы аумағындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді

2023 жылғы 5 шілдеде сағат 17.28-де Целиноград ауданында Шұбар ауылынан 20 км қашықтықтағы Қызылжар орманшылығының аумағында 0,8 га алаңда құрғақ шөп өртеніп, 1,1 га алаңда орман төсенішіне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылжар орманшылығы аумағындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Өрттің алдын ала ауданы 1,9 га болды. Жедел қабылданған күштер мен құралдардың арқасында өрт сағат 18.20-да оқшауланды, сағат 21.10-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

"Өртті сөндіруге орманшылықтан 40 адам мен 3 бірлік техника, Ақмола облысы ТЖД 8 адам мен 2 бірлік техника, Астана қаласы ТЖД 16 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон