USD
USD
USD

«Қызылжар» қатарынан алтыншы мәрте жеңіске жетті

 Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 6-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылжар» қатарынан алтыншы мәрте жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екінші ойын күніндегі алғашқы кездесуде Петропавлдың «Қызылжары» сырт алаңда Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті.

Петропавлдық клуб биылғы біріншілікті сәтті бастады. Бес турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған олар турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді. Бұл жолы да сол жеңісті жолды жалғастырды.

Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңнің соңына таман «Қызылжардың» белсенділігі байқалды. Нәтижесінде олардың қатарынан бразилиялық шабуылшы Витор Родригес Хосе 79-минутта алыстан гол соғып кетті. Ал, 82-минутта петропавлдық клубтан Марат Шахметов есепті үстемелей түсті.

Осылайша, «Қызылжар» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Қатарынан алты мәрте жеңіске жеткен олар турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Енді аталған турда «Ақтөбе» мен «Атырау», «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» мен «Тобыл» ойнайды.

Еске салсақ, 15 сәуірде «Қайсар» «Жетісудан» 2:0 есебімен басым түссе, «Каспий» «Оқжетпесті» 2:1, «Шахтер» «Мақтаралды» 3:0 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза