USD
USD
USD

«Қызылжар» қайтадан көш басына шықты

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылжар» қайтадан көш басына шықты
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Алғашқы ойында Павлодар облысының «Ақсу» командасы өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдады.

Кездесу тағдырын 17-минутта ақтаулық клубтан Дмитрий Подстрелов соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Каспий» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, ақтаулық клуб қатарынан өткен төрт ойында бір рет те жеңілмеді. Екі мәрте жеңіске жетіп, екеуінде тең ойнады. Нәтижесінде турнир кестесінде жағдайын жақсартып келеді.

Ал алты тур қатарынан жеңіске жетіп, соңғы екі кездесуде төрт ұпай жоғалтқан Петропавлдың «Қызылжары» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» 1:0 есебімен сүріндірді. Алаң иелері қатарынан Максим Чиканчи 72-минутта мергендік танытты.

Петропавлдық клуб қайтадан көш басына шықты.

Дәл қазір «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Ал 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 14 мамырда «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Астана» ойнаса, «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.